top of page

«Орман ішінде» ойын бағдарламасы

Қостанай облысы Лисаков қаласындағы Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы балалар үшін қызықты квест өткізді.

Квесттің ойын формасы – балалардың бос уақытын тиімді өткізудің тамаша мүмкіндігі. Балалар үшін квесттен өту міндеті – бұл командалық өзара іс-қимылда тапқырлық пен өз таланттарын көрсету, сондай-ақ жағымды әсер алу және қозғалу мүмкіндігі. Балалар әр жұма сайын «Алтай» саябағында қайта кездесіп, бақ сынауды асыға күтеді.

Аула клубтарының тәрбиеленушілеріне арналған «Орман ішінде» ойын бағдарламасы өткізілді. Ұлдар мен қыздар «Достық» аула клубының педагог-ұйымдастырушысы Сеитова Ғалия Сұлтанқызы мен студент Ильясова Галина әзірлеген түрлі тапсырмаларды орындады. Жеті станция болды: «жұмбақтар», «орманға сыйлық», «атқыш», кроссворд, «Бұл кім ?», би станциясы. Балалар ойын бағдарламасына белсенді түрде қатысты.





bottom of page