top of page

«Облыстық жас туристер станциясы» №17 Ататүрік атындағы мектеп гимназиясы ауласында шеберлік сабақ

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің туристік-спорттық бөлімі 22 сәуір - Дүниежүзілік Жер күніне арналған 22.04.2022 ж. күні Түркістан қаласы №17 Ататүрік атындағы мектеп гимназиясы ауласында мекеменің педагог қызметкерлеріне туристік шеберлік сабағын өткізді.

Шеберлік сабағының мақсаты: мекеме қызметкерлері арасында өзара тәжірибе алмасу, түрлі туристік кезеңдерден өтудің әдіс-тәсілдерін толық меңгеру, туристік ептіліктер мен дағдыларын қалыптастыру және дене шынықтыру арқылы салауатты өмірді насихаттау.

Шеберлік сабақ кезінде мекеме қызметкерлері бірнеше туристік кезеңдерден өту арқылы өзара тәжірибе алмасты. Асылмалы өткел(паралел жіптер), жеке және топтық сақтандыру жұмыстары, маятник және туристік жіп түйіндерін байлауды меңгерді. Мекеме жоспарына сәйкес қызметкерлерге арналған шеберлік сабақ тұрақты түрде өткізілуде және мекеме мамандарының біліктілігін арттыруға септігін тигізетініне сенімдіміз!!!



Commentaires


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page