top of page

МУЗЫКАЛЫҚ КИНОЗАЛ. СЕРГЕЙ ПРОКОФЬЕВ «ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»

21 шілде күні музыка мектебінің концерт залында кезекті классикалық музыкамен кездесу өтті. «Музыкалық кинозалға» Қостанай қаласының жазғы лагерлерінің 200-ге жуық тәрбиеленушілері келді. Бұл жолы оқушылар ұлы Кеңес композиторы Сергей Прокофьевтің шығармашылығымен және оның ересектер мен өте жас тыңдаушылар арасында ерекше танымал таңғажайып шығармасымен танысуға мүмкіндік алды. «Петя мен қасқыр» – бұл сюжеті қызықты, өлең оқушы әңгімелеп беретін және симфониялық оркестрмен сүйемелденетін музыкалық ертегі. Ол балаларды қандайда бір музыкалық аспапты тануға үйретеді және оларға тән тембр ерекшеліктерімен, дыбыстық бейнелеу тәсілдерімен таныстырады.

Көрсетілім алдында жетекші оқытушы О. Н.Лыксова туындының шығу тарихы мен негізгі сюжеті туралы қызықты түрде айтып беріп, балаларды композитордың кейіпкерлерді сипаттау үшін пайдаланатын симфониялық оркестр аспаптарының дыбысымен таныстырды. Сондықтан классикалық музыкамен көп шұғылданбайтын оқушылар да ертегіні қызығушылықпен тамашалады.



Commentaires


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page