«Музыка әлемінде» – педагогтерге арналған республикалық қашықтан өтетін байқау!
- Rumsdo rumsdo

- 17 нояб.
- 1 мин. чтения
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы педагогтердің шығармашылығын қолдауға арналған «Музыка әлемінде» республикалық байқауын https://smartziyatker.kz платформасында қашықтан өткізеді.
Байқаудың мақсаты – музыка саласындағы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және ұлттық музыкалық мұраны дәріптеу.
Өткізу мерзімі: 20 қараша – 19 желтоқсан 2025 жыл
Өтінім қабылдау: 20 қараша – 5 желтоқсан
Номинациялар:
• Вокалдық өнер
• Дәстүрлі ән орындау
• Аспаптық орындау
Қатысушылар екі түрлі шығарманы орындайды, бейнежазба ұзақтығы – 3–5 минут. Жұмыстар YouTube сілтемесі арқылы қабылданады.
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталады. Электрондық нұсқалар 19 желтоқсанда жеке кабинетте қолжетімді болады.
Байланыс:
Техникалық сұрақтар – 8 (7172) 57-41-60, 8 (777) 061-68-40;
Байқау бойынша – 8 (7172) 57-41-53, 8 (708) 508-00-93.
Музыка өнеріне үлес қосып жүрген барлық ұстаздарды байқауға қатысуға шақырамыз!





Комментарии