«Менің жерім – менің елім» – жас суретшілерге арналған республикалық онлайн байқау!
- Rumsdo rumsdo

- 19 нояб.
- 1 мин. чтения
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балалар шығармашылығын қолдауға бағытталған «Менің жерім – менің елім» республикалық жас суретшілер байқауын https://smartziyatker.kz платформасында қашықтан өткізеді.
Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың көркемдік қабілеттерін дамыту, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және талантты жас суретшілерді анықтау.
Өткізу мерзімі:
20 қараша – 19 желтоқсан 2025 жыл
Өтінім қабылдау:
20 қараша – 5 желтоқсан
Қатысушылар жас санаттары:
• 4–5 жас
• 6–10 жас
• 11–13 жас
• 14–17 жас
Номинациялар:
• «Балалық шақ әлемі»
• «Менің арманым»
• «Туған жердің табиғаты»
Суреттер кез келген техникада орындалады. Жұмыстар JPG форматында, жоғары сапада ұсынылуы тиіс.
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, ал қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталады. Электрондық нұсқалар 19 желтоқсанда жеке кабинетте қолжетімді болады.
Байланыс:
Техникалық сұрақтар – 8 (7172) 57-41-60, 8 (777) 061-68-40;
Байқау бойынша – 8 (7172) 57-41-53, 8 (701) 594-61-18.
Өнерді сүйетін барлық жас таланттарды өз қиялын қағазға түсіріп, байқауға қатысуға шақырамыз!





Комментарии