«Мен және менің ұстазым» республикалық онлайн-экочелленджі сәтті аяқталды.
- Rumsdo rumsdo

- 2 окт.
- 1 мин. чтения
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Мен және менің ұстазым» республикалық онлайн-экочелленджі сәтті аяқталды.
Челленджге еліміздің барлық 20 өңірі қатысты.
Әр облыстың ұстаздары мен оқушылары табиғатты қорғау мақсатында ағаш отырғызып, бейнематериалдарын ұсынды.
Акция барысында ұстаз бен шәкірт бірлесе атсалысып, экологиялық мәдениеттің, қамқорлық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Бұл бастама — табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, келешек ұрпаққа жасыл болашақты аманаттаудың маңызды қадамы болды.
Барлық өңірлердің қатысушыларына шын жүректен алғыс айтамыз!
Жасыл әлем құрудағы жақсы істер жалғаса берсін!




Комментарии