Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы
- Rumsdo rumsdo

- 4 июн. 2023 г.
- 1 мин. чтения
Ағымдағы жылдың 05 маусым күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы» біліктілікті арттыру курсынның (әдеби туынды) 1 күнін бастады.
Курс ұзақтығы 2023 жылғы 05-16 маусым аралығы. Аталған курс 80 сағатты қамтиды. Курс кураторы Галымова Раушан Манаткызы.
Бағдарламаның мазмұны төрт модульден құралады:
• нормативтік құқықтық;
• психологиялық-педагогикалық;
• теориялық-технологиялық;
• практикаға бағдарланған.
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар шығармашылық жобаларды қорғайды, қорытынды тестілеуден өтеді.












Комментарии