top of page

Мектеп лигаларының үздік дебатерлері арасында "Ұшқыр ой алаңы" Республикалық турнирі өтті

2021 жылғы 23-26 ақпан аралығында "Ризашылық мейірімділік бұлағы" Жалпыұлттық жобасы шеңберінде онлайн режимінде мектеп лигаларының үздік дебатерлері арасында "Ұшқыр ой алаңы" Республикалық турнирі өтті. ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырушыларының атысуымен турнир Американдық-парламенттік форматта өтіп, көпшілік алдында сөйлеу өнеріндегі дағдыларын жетілдіруге ұмтылған талантты, белсенді оқушылардың басын қосты. Турнирге Алматы облысынан Қарасай ауданының "Революция", Іле ауданының "Көшбасшылар", Панфилов ауданының "Ақиқат" командалары қатысты.

Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының "Дебат қозғалысы" үйірмесінің жетекшісі Д.Валиханов дебат ойындарының жаттықтырушысы ретінде тағайындалды. Турнир қатысушылары білім тереңдігі мен шешендік шеберліктерін көрсетті.


https://www.facebook.com/profile.php?id=100014353960697

bottom of page