top of page

МАМАНДАР ІССАПАРДА

МАМАНДАР ІССАПАРДА: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МОБИЛЬДІ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Әдістемелік орталықтың мамандарынан құралған мобильді топ аудандарға іссапарын бастады.

Іссапар Мақат ауданындағы "Қарлығаш", "Ботақан", "Сандуғаш" балабақшаларынан басталып, 4К Модель үлгісі бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Айталық, "Қарлығаш" балабақшасында "4К Модель үлгісі: теориядан - тәжірибеге" жобасы негізінде 2 ұйымдастырылған оқу қызметі көрсетіліп, кері байланыс орнатылды және кәсіби сұхбат жүргізілді.

Одан соң мамандар дәл осы жоба негізінде "Ботақан" балабақшасында семинар-практикум жүргізді.

Күннің соңғы әдістемелік кеңес жұмысы "Сандуғаш" балабақшасында өтті.

Мұнда аттестациядан өтетін тәрбиешілердің 6 ұйымдастырылған оқу қызметі көрсетіліп, кері байланыс берілді.

Еске салып өтейік, кеңес жұмыстары педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасауды көздейді.



bottom of page