top of page

Көркемдік-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық кеңесі

11 ақпан 2021 жылы Республикалық қосымша білім беру директорлар Үйлестіру кеңесінің Төрағасы Мажитов Марат Капенович өзекті мәселелер бойынша білім ошақтарының басын қосты.

Олар балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жетекшілері, яғни еліміздегі өнер мектептері, музыка мектептерінің басшылары және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» қызметкерлері еді. Күн тәртібінде ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясы, балаларға қосымша білім берудің Еуразиялық қауымдастығы, (РҚББОӘО) ғылыми-әдістемелік «Қосымша білім және тәрбие» журналы жөнінде болды.

Отырыс соңынд Марат Капенович Қарағанды музыкалық мектептің алғашқы директоры Жолымбетов Базылхан Ибрайымұлының 100 жылдығына арналған «Қарағандының музыкалық мәдениеті - өткені мен бүгіні» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн – конференциясына қатысуға шақырып, ұстаз туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ осы білім ошақтары педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстары және қосымша білім беру саласынң өзекті мәселелерін көтерді.





bottom of page