top of page

«Коммуникативтік дағдылар» тақырыбындағы семинарлар сериясы


ree

Қазақстандағы балалар жылы аясында 14 мамыр күні Ақпараттық технологиялар орталығының ғылыми қызметкері «Коммуникативтік дағдылар» тақырыбындағы семинарлар сериясынан Алматы қаласының №113 мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Сөзсіз қалай қарым-қатынас жасауға болады» атты алғашқы кездесу ұйымдастырды.

​ Мектеп оқушыларының қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бүгінгі таңда өзекті тақырып болып табылады, өйткені бұл дағдылардың қалыптасу дәрежесі балаларды оқытудың тиімділігіне ғана емес, сонымен бірге олардың әлеуметтенуі мен тұтастай тұлғаның дамуына да әсер етеді.

​ Шеберлік-сабағына 7-сынып оқушылары қатысты, олар түрлі ойын және практикалық техникаларды орындап, эмоциялары және сезімдерімен бөлісті.

​ Сондай-ақ, қатысушылардың назарына қысқаметражды ролик ұсынылды, оны көргеннен кейін, оқушылар топтық жұмыс орындады. Топтық жұмыс барысында әр оқушы тақырып туралы өз ойлары мен идеяларын ортаға салды.

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page