top of page

Колледжде студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының рөлі

Қазақстандық қоғамның қазіргі кезеңдегі дамуында саяси мәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселесінде – жеке тұлғаның дамуында барлық тәрбие бағытының ролі ерекше. Саяси мәдениетті тұлға – отбасынан нәр ала отырып, жалпы қоғамда өзінің тәрбиелілігін ары қарай дамыта түседі. Бұған көптен-көп әсер ететін фактор ол – орта. «Қазақстан болашағы – жастардың қолында» демекші, жастар саясатын қалыптастыруда студенттердің өзін- өзі басқару ұйымының рөлі ерекше.

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде студенттердің өзін- өзі басқару ұйымының жұмысы бір жолға қойылып, жастарды қолдау мен шыңдау, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасау үшін Студенттер парламенті құрылып бүгінгі күні қызмет жасауда. Студенттердің өзін – өзі басқару ұйымы колледждің оқу – тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Оқу жылының басында студенттердің өзін-өзі басқару органы ретінде «Студенттік парламент» ұйымы құрылып, ережесі бекітілген.

Бұл ереже студенттік парламенттің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін, құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Студенттік Парламент – студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде-бұл студенттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге, әлеуметтік белсенділікті дамытуға және Студент жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға бағытталған студенттердің бастамашыл, дербес қоғамдық қызметінің ерекше нысаны.

Әрбір білім алушы парламент активін сайлауға және оған сайлануға құқылы. Парламенттің қызметі мен шешімдері білім беру ұйымының барлық білім алушыларына бағытталған және қолданылады. Парламент өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, Қазақстан республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Парламент мақсаты: жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білімалушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндік жасау. Парламент міндеттері: білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру; білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелрді шешуге көмек көрсету болып табылады; білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету; білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету.

Ұйымға жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы колледж директорының бұйрығымен бекітіліп, жетекшілік етеді. Ұйым жетекшісінің міндеті – «Студенттік парламент» ұйымының жұмысын үйлестіріп, іс-шараларын жүргізу. 2022- 2023 оқу жылының басында парламент мүшелерін толықтыру мақсатында «Студенттік парламент» ұйымының сайлауын өткізу туралы колледж басшысының бұйрығына сәйкес колледжішілік сайлау өткізілді.

Сайлау нәтижесі бойынша «Студенттік парламент» Президенті мен 8 фракция бойынша депутаттары сайланды. Мен осы сайлау нәтижесімен парламент президенті болып сайландым. Менің негізгі міндетім студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, Парламенттің және колледждің жұмыс жоспарында көзделген шараларды ұйымдастыру, Парламент мүшелерін басқару, студенттердің өмірі, тұрмысы және бос уақыты ағымдағы мәселелер бойынша Парламенттің кезекті отырысын өткізу және студенттік өзін-өзі басқару органдарының белсенділерін көтермелеу туралы колледж әкімшілігіне өтініш беру.

Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында студенттік парламенттің жылдық жұмыс жоспары жасалып, сол жоспар аясында қазіргі таңда түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап а йтар болсақ, «Құқық және тәртіп» фракциясы бойынша сала мамандарымен түрлі кездесулер, осы тақырыпта дебат ойыны, колледж педагогтарымен бірге түнгі рейдтер, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде әскери шаралар өткізілді. «Мәдениет және өнер» фракциясы бойынша атаулы күндердеге арналған түрлі мәдени шаралар, тәрбие сағаттары, би кештері, «Жан сарайы» театр мүшелерінің қатысуымен түрлі қойылымдар т.б. ұйымдастырылды.

«Қамқорлық», «Экология және еңбек» фракцияларының ұйымдастыруымен қайырымдылық шаралары, оның ішінде көп балалалы, аз қамтылған отбасы балаларына киім – кешек, азық – түлікпен қамтамасыз ету, жалғызбасты ардагерлерге қол көмек көрсету, жәрмеңкелер өткізу, адамдарға көңіл – күй сыйлау мақсатында тәттілер тарату сияқты шаралар өткізілді. «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының ұйымдастыруымен спорттық спартакиада, спорттық жарыстар, есірткінің, зиянды заттардың алдын алуға бағытталған кездесулер өтуде.

Колледжде 20 оқу тобы бар, әр топта осы фракцияның мүшелері сайланған. Осы шараларды өткізу, ұйымдастыру сол студенттерге аса үлкен жауапкершілікті жүктейтіні рас. Мұнан шығатын қорытынды, жауапкершілдікті сезінген әрбір жас ағартушы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңіндегідей: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін – деген сенімін ақтап, қоғамда өз орнын тауып, өз ойын ашық айта алатын, кез – келген істе қолдау көрсете алатын жастар боларына мен сенімдімін.

Әрбір білім беру ұйымының басшылығы Студенттік Парламент қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажетті жағдайлар жасауға, бөлмелерді (кабинеттерді), байланыс құралдарын, компьютерлік техникалар және баска да қажетті материалдарды пайдалануға қолжетімділікке мән беруге міндетті. Бірақ көп жағдайда бұл ескерілмей қалып жатады. Студенттік Парламенттің мәртебесін көтеру – оқу орындарындағы өзекті мәселе деп ойлаймын.

Сондықтан да осы мәселені шешу, парламент мәртебесін одан әрі көтеру үшін облыс деңгейінде бірыңғай іс – шаралар жоспары жасалып, колледж бойынша президенттердің және әр фракция депутаттарының жиі – жиі кездесулері өткізіліп, ол кездесулерде жауапкершілікті арттыратындай жұмыстар жүргізілсе, оқу орындарындағы Студенттік Парламент ұйымы оң нәтижелер көрсетіп, жастардың белсенділіктері мен дамуы алдыңғы қатарда боларына сенімдімін. Болашақ жастардың қолында!

Нұрмұхаммед Жеңісұлы РОМАНҚҰЛОВ, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің студенті, «Студенттік парламент» ұйымының төрағасы, Қызылорда облысы


Дереккөзі: https://bilimdinews.kz/?p=232966

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page