top of page

«Кеудемде мақтаныш сезімі оянды»

Биылғы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» республикалық тамыз конференциясында алғаш рет педагогтармен қатар техникалық мамандар да марапатталды.


Мәселен:

 • 39 жыл бойы мектепте еңбек еткен Еркін Сартықпаев,

 • колледжде 35 жылдық тәжірибесі бар электрик Талғат Рахимов,

 • 23 жыл қызмет еткен техникалық қызметкер Мейрамкүл Мырзаханова, тағы осы сынды 20 маман Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің Алғыс хатына ие болды.


Астанадағы № 2 мектеп-гимназияның тех­қызметкері Гүлзат Қаратаева былай дейді:

«Бұл марапат мен үшін де, мектебім үшін де, кіші техникалық мамандар үшін үлкен қуаныш. Осындай құрметті алғаш рет мемлекет деңгейінде алдық. Ал балаларым менің жетістігімді мақтанышпен бөлісіп, әлеуметтік желілерге орналастырды. Кіші тех­қызметкерлердің білімге қосып жатқан үлесі одан әрі бағаланса нұр үстіне нұр болар еді».


Бұл бастама — елімізде жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында білім саласындағы барлық мамандардың еңбегін айрықша тану мақсатын көздейді.

ree
ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page