top of page

"Изим Искандеров атындағы орта мектебінің оқушылары(1-11сыныптар) назарына!!!

Құрметті оқушылар!

2023 жылдың 21қазан күні таңғы сағат 8.00дан бастап мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының Президент сайлауы өтеді.

Мектебіміздің 9сынып оқушысы Ташкенов Мұқағали, 10сынып оқушылары Марленов Наиль, Исраилова Ясмина, Турганов Дияр өз кандидатураларын ұсынды.

Сайлау алды бағдарламаларын дайындады.

Оқушылардың бағдарламалары әлеуметтік желілерге жарияланды.

Құрметті дауыс берушілер оқушылардың сайлау алды бағдарламалары мен жақсылап танысып, жаңа оқу жылының сапалы болуына өз үлесін қосатын, оқушылардың мектеп өмірін қызықты, мағыналы өткізетін, өз міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарайтын 2023-2024оқу жылының Президентін сайлауда дұрыс шешім қабылдайтындарыңызға сенеміз.

2023-2024оқу жылы оқушылар үшін тиімді болуы мектеп Президентінің жауапкершілігінде ал Президент сайлау мектеп оқушыларының жауапкершілігінде.

Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!"

Дереккөзі:https://www.instagram.com/p/CyVlbnPMUx9/?igshid=YTUzYTFiZDMwYg%3D%3D&fbclid=IwAR2rfaImbrJSZGBQP7xNPtUgGarqVGFmdfK0XvnC-OZ4AeXHIL4Hm7Qs6Cs

bottom of page