top of page

«Жұмбақ Көкшетау» танымдық саяхаты

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей орда Балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы «Жұмбақ Көкшетау» танымдық саяхаты «Балалар жылы» аясында 18-26 тамыз күндері аралығында өлкеміздің 13-16 жастағы білім алушылары Көкшетау қаласына саяхаттап қайтты. Танымдық бағытта ұйымдастырылған 3 күндік саяхатқа 40 бала қамтылды. Жас саяхатшылар «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану», «Көкшетау қаласының тарихы», «Әдебиет және өнер», «Мәлік Ғабдуллин» атындағы музейлерін аралап, арқаның кербезі атанған Көкше өңірінің көрікті жерлеріне және қаланың солтүстік-батыс іргесінде орналасқан «Қопа көлінің» жағалауында серуендеді. Білім алушыларды қосымша біліммен қамтамасыз етуге бағытталған, заманауи үлгідегі ғимараттардың бірі «Bolashaq Saraiy» ордасын аралап, өнер, спорт, ғылыми-техникалық, IT салаларының үйірме жұмыстарымен танысып, тәнті болды.

Ерекше сұлу табиғатымен, таза ауасымен, мәңгі жасыл ормандарымен кез-келген адамды баурап алатын Бурабай қалашығындағы ғажайып жерлердің бірі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағына, «Абылай хан» алаңына, «Оқжетпес тауына», «Жұмбақтас» жартасы секілді аңызға айналған орындарға саяхаттап, керемет әсер алды.

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: mprkrumcdo@gmail.com

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page