top of page

«Жылы жүрек» атты қайырымдылық акциясы

«Алғыс айту күні» аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының Әкелер кеңесі «Жылы жүрек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Аталмыш акцияға әкелер кеңесінің мүшелері мен ерікті жандар белсенді қатысты.

Қайырымдылық шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, көмек қолын созу. Әкелер кеңесі көмекке мұқтаж отбасыларды анықтады. Осы отбасыларға азық-түлек себеті, балаларға арналған сыйлықтар мен ақшалай сертификат табыс етілді.

Әкелер кеңесі жалғызбасты көпбалалы әкелерге қолдау танытты. Тағдыр тәлкегіне тап болып, жан-жары қайтыс болған әкелер бүгінгі күнде бес баланы бір өздері асырап отыр. Акция қатысушылары кішкентай бүлдіршіндер мен олардың асқар тау әкелеріне жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.


ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page