top of page

«ЖАС БҮРКІТ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНА-20 ЖЫЛ

2023 жылғы 24 қарашада Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов, құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері, елордалық гарнизонның жеке құрамы және өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.

«Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысы 2003 жылы Ішкі әскерлердің (Қазіргі Ұлттық ұланның) әскери бөлімдерінің базасында құрылды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов өз баяндамасында атап өтті.

Бұдан әрі Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының қатысушыларын 20 жылдығымен құттықтады.

Ағымдағы жылдың 5 мамырында өткен бүкіл армия кеңесінде Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге үлкен мән беру қажеттігін ерекше атап өтті.

Бұл міндетті Ұлттық ұлан да белсенді орындайды. Екі онжылдықта «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сыныптары еліміздің барлық өңірлерінде ашылып, қазіргі уақытта белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгін, осы айтулы күні біз «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының нәтижелі жұмысын мақтанышпен атап өтуге болады. Бүгінгі жастар – ертеңгі Отан қорғаушылар. Егемен елдің болашағы өскелең ұрпақтың қолында, - деп атап өтті генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.

Құттықтау сөзінен кейін тәрбиеленушілердің бірі Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына әскери-патриоттық қозғалысқа көрсеткен қамқорлығы үшін клуб атрибутын табыс етті.

Айта кетейік, жас партиттерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқушев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер, ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы полковник Тілеухан Басқожаев және әскери бөлімнің патриоттық клубының негізін қалаушы және бірінші басшысы 6506 отставкадағы подполковник Арман Ахашов құттықтады.

«Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері көрермендерге қоян-қолтық төбелес пен саптық дайындық дағдылары мен тәсілдерін көрсетті.

Сондай-ақ, мерекелік жиында жасөспірімдерді «Жас Бүркіт» клубының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шара Ұлттық ұланның ән және би ансамблінің әскери қызметшілері мен ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблінің «Жас сарбаз» балалар студиясының жас әртістерінің қатысуымен салтанатты концертпен сүйемелденді.

Дереккөзі:https://kazpravda.kz/n/voenno-patrioticheskomu-dvizheniyu-zhasbrkt-20-let/

bottom of page