top of page

Дүниежүзілік конгресс – World Inclusion Congress (WIC 2025) іс-шарасы өтті.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК инклюзивті білім беру бойынша алғашқы Дүниежүзілік конгресс – World Inclusion Congress (WIC 2025) іс-шарасына қатысуда.


 15–17 қазан аралығында Алматы қаласында өтіп жатқан бұл халықаралық конгресс Қазақстанды инклюзивті білім беруді талқылаудың жаһандық алаңына айналдырды.


Конгресті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «HOPE» қоры (Help Others Pursue Education, Қазақстан) және International Forum of Inclusion Practitioners (IFIP, Ұлыбритания) бірлесіп ұйымдастырды.


 Конгресс аясында әлемнің 40 елінен 1200-ден астам өкіл — үкіметтік құрылымдар, ғылыми қауымдастықтар, халықаралық ұйымдар, педагогтер мен сарапшылар, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылар бас қосты.


 Конгрестің негізгі тақырыптары — білім берудегі инновациялар, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу.


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған технологиялық шешімдер, оқыту сапасын арттыру және халықаралық тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.


 Конгресс аясында «Innovation Expo» көрмесі ұйымдастырылды. Онда Қазақстан, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Польша және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен 17 компания өз инновациялық шешімдерін ұсынуда.


 Біздің орталық инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, педагогтердің кәсіби дамуына және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған идеялар мен тәжірибелермен бөлісуді жалғастыруда.

ree
ree
ree
ree
ree
ree
ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page