top of page

Директор РУМЦДО МП РК Р.ШЕР:

ҚР ОАМ РҚББОӘО «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауын қашықтық форматта өткізеді.

Ынтымақтастық, ұтқырлық, динамизм, конструктивтілік, жауапкершілік – бұл хореографиямен жүйелі түрде айналысу нәтижесінде балалар мен жастарда қалыптасатын жеке қасиеттер.

Хореографиямен белсенді түрде танысу нәтижесінде балалар мен жастардың көркемдік талғамы қалыптасады.

Фестиваль-байқау жалпы орта және балаларға қосымша білім беру ұйымдарындағы балалар хореографиялық ұжымдарының – облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Фестиваль-байқау кезеңдері жеңімпаздарының арасында өткізіледі..

Фестиваль-байқауға қатысушылар «Халық биі және халықтық-стильденген би» және «Заманауи би» номинациялары бойынша байқау жұмыстарын ұсынады.

Фестиваль-байқаудың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Сондай-ақ «Үздік хореографиялық қойылым», «Би қойылымының ерекшелігі үшін», «Сахналық шеберлігі үшін» номинациялары бойынша үздік байқау жұмыстары анықталатын болады.

Фестиваль-конкурс хореографиялық ұжымға концерттік қойылымда өзінің шығармашылық жұмысын көпшілік алдында көрсетіп қана қоймай, оны басқа ұжымдардың шығармашылық жетістіктерімен салыстыруға, кәсіби дағдылар мен іскерліктерді дамытуға және қолдауға, осы іс-шара шеңберінде хореография саласында жаңа білім алуға тамаша мүмкіндік береді.

Жеңімпаз дипломдарының, жетекші алғыс хаттарының, қатысушы сертификаттарының электрондық нұсқалары https://www.ziyatker.org/484 сілтеме бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен 2023 жылғы 20 сәуірде www.ziyatker.org сайтында орналастырылатын болады.

Анықтама телефоны: 8(7172) 64-75-92, 87015946118.

ree


Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page