top of page

ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ

2023 жылдаң желтоқсан айында Оқушылар сарайының Эколого-биологиялық бөлімінде  «Диалог арқылы көшбасшылық: Алматы қаласының пікірсайыс қозғалысын дамыту стратегиясы» атты  қалалық конференциясы өтті.

Конференцияның басты мақсаты - пікірсайыс қозғалысын оқушылар арасында танымалдығын арттырып, белсенді жастарды көбейту. Қалалық деңгейде өткен конференцияға қала мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысып, пікірсайыстың қыр-сырымен таныс болды.

Сондай-ақ,  біздің пікірсайысшылар 2023жылдың көктемінде Оқушылар сарайының базасында  ашылған Пікірсайыс қозғалысының жобалық кеңсесінің жұмыстары мен нәтижелерін таныстырды.

Конференция соңында жыл бойы қалалық пікірсайыс турниріне қатысып, пікірсайыс қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін оқушылар мен олардың тәлімгерлеріне  Алматы қаласының Білім басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды.


bottom of page