Дебат клубын ұйымдастыру әдістері
- Rumsdo rumsdo

- 7 апр. 2021 г.
- 1 мин. чтения
2021 жылғы 5 сәуірде «Мектеп Парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Дебат клубын ұйымдастыру әдістері» тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинар барысында Күздеубаев Нұртас Қайратұлы мектепте клубты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдармен бөлісті, мектеп парламентінің пікірсайыс қозғалысының фракциясын қай бағытта жүргізу керектігі және неден бастау керектігі туралы егжей-тегжейлі айтылды, сондай-ақ өз пікірін білдіру дағдыларын жетілдіру, пікірталасты дәлелді жүргізу, өз көзқарасын қорғау бойынша мәселелер қаралды. Вебинар өте қызықты өтті.






Комментарии