top of page

«Дарынды бала – ұлт болашағы» тақырыбында мектеп психологтарына арналған семинар–практикум

Облыстық семинарларда жүргізілген әдістемелік жұмыстар аудандарда өз жалғасын табуда.

Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімі және Балалар мен жасөспірімдер орталығының педагог-психологы Жабанова Самал Тергеусізқызының ұйымдастыруымен «Дарынды бала – ұлт болашағы» тақырыбында мектеп психологтарымен семинар-практикум өткізілді.

Мақсаты: дарынды балаларды оқыту мен дамыту, дарынды, қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған педагогикалық- психологиялық жағдайларды жақсарту.

Аталмыш аудандық іс-шарада Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында ұйымдастырылған «Жаңартылған білім беру жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастыру» атты облыстық семинарда көрсетілген шебер сыныптар мен психологиялық әдістемелер жүргізілген болатын.




bottom of page