Гүлнар Әбішева Бадамша өнер мектебінің жұмысымен танысты!
- Rumsdo rumsdo

- 17 нояб.
- 1 мин. чтения
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлнар Әбішева Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аясында Бадамша өнер мектебіне барды.
Сапар барысында мектептің материалдық-техникалық базасы, оқушылардың шығармашылық бағыттағы жетістіктері, өнер үйірмелерінің жұмысы таныстырылды.
Г.Әбішева педагогтермен сұхбат жүргізіп, балалардың өнерге қызығушылығын арттыру, жаңа жобалар енгізу және қосымша білім беру қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту бағытында ұсыныстарын тыңдады.
Мектеп ұжымы жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған жоспарларымен бөлісіп, өңірдегі өнер білімін дамыту тәжірибесін таныстырды.




Комментарии