«Гүлдене бер, Қазақстан!»қалалық өлкетану олимпиадасы
- Rumsdo rumsdo
- 8 дек. 2021 г.
- 1 мин. чтения
Олимпиада оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, еліміздің тарихы мен мәдени ескерткіштерін құрмет тұту, Тәуелсіздігімізді бағалай білу, оқушылардың туған өлкесі, тарихи мәдениеті және рухани мұрасы туралы жинақталған білімдерін тереңдету мақсатында өткен болатын.
Олимпиада ереже бойынша 2 кезеңнен:
1. «Өз өлкесінің тапқырлары» тест жұмысы;
2. «Туған жерім - нұрлы елім» картамен жұмыс тұрды.
Бірінші кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар екінші кезеңге өтті.
Олимпиадаға жалпы білім беретін қала мектептерінен және қосымша білім беру ұйымдарынан 44 оқушы бақ сынасып, белсенділік танытты.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», - демекші
I орын - Әлқуатова әсел №19 ОМ, Конисбаева Айгерим №30 ОМ, Муратова Асылым №56 ОМ.
II орын – Абдықаппарова Айгул №15 ОМ, Шуканова Аида №45 ОМ, Хамидулла Алихан №53 ОМ.
III орын – Рсалин Тұрар №8 ОМ, Смадиярова Ақниет №1 ОМ, Мухит Мерлана Қалалық жас туристер стансасы.
Жеңімпаздар Қалалық білім бөлімінің I, II , III дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Олимпиадаға қатысушыларға Қалалық жас туристер стансасы атынан сертификаттар берілді.
Бүгінгі іс-шарада алда талай асулары бар жас өрендер білім, ғылым көгінде бірталай мағлұматтармен өз деңгейлерін толықтырып, жарқын көңіл-күймен тарасты.
Туған жерін, өлкесін сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.

Comments