«Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауы сәтті аяқталды!
- Rumsdo rumsdo

- 25 сент.
- 1 мин. чтения
Алматы қаласында екі күн бойы өткен «Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауы сәтті аяқталды!
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 120-дан астам жас суретші өз қиялдарын бояумен өрнектеп, жүрек жылуын туындылары арқылы жеткізді. Балалардың шабытқа толы жұмыстары бейбітшілік пен мейірімділікті, табиғатты қорғауды, туған елге деген сүйіспеншілікті айқын көрсетті.
Байқау барысында жас таланттар үш негізгі номинация бойынша бақ сынады:
«Қазақстан бояулары: Менің шаңырағым – Қазақстан Республикасы»
«Тірі ғаламшар»
«Бейбітшілік пен мейірімділік біздің қолымызда»
Әр номинацияда озық шыққан жеңімпаздар салтанатты түрде дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Бұл байқау балаларға үлкен сенім сыйлап, олардың болашақтағы шығармашылық жолына жаңа серпін берді.




Комментарии