top of page

Батырлардың ерлігіне жүрегіңмен жақында

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай және жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында «БАТЫРЛАРДЫҢ ЕРЛІГІНЕ ЖҮРЕГІҢМЕН ЖАҚЫНДА» атты Ауған соғысы ардагері Оспанов Бақтияр Сейлхасұлын еске алу кеші өтті.

Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндірудің маңызы зор. Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Сол арқылы әр жас жігіт еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін түсінуі тиіс. Әскери - патриоттық тәрбие беріп, жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдік жағынан даярлау ұстаздар құзырында.







bottom of page