top of page

«Бала дауысы-Шоқпарда» атты балалар байқауы

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Шоқпар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 2022 жыл-Балалар жылына орай «Бала дауысы-Шоқпарда» атты балалар байқауы өткізілді.

Байқауда балалар 2 номинация бойынша бақ сынасты. 4 тәлімгер жас ерекшеліктеріне сәйкес 3 қатысушыдан дайындап әкелді. Жалпы 12 үміткер қатысты.

Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Осы байқауға шәкіртін жоғары дәрежеде дайындап, өнерін шыңдағаны үшін «Үздік тәлімгер» номинациясы Б.Ролановқа табысталды.



bottom of page