⚜️Ақтөбеде Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы «Аманат» партиясы ғимаратының күмбезді залында өтті!
- Rumsdo rumsdo

- 6 часов назад
- 1 мин. чтения
Отырыстың жұмысына шамамен 350 адам қатысты: Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілдері, Қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, үйлестіру кеңесінің мүшелері, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері.
🔰Отырыс барысында қосымша білім беру саласының дамуы мен қазіргі кездегі өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, инновациялық білім беру әдістерін енгізу, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қосымша білім беру жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды, сондай-ақ білім сапасын арттыруға бағытталған процесстерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар берілді.
✔️Бұл отырыс қосымша білім беру жүйесін нығайту, жаңа стратегиялық бағыттарды айқындау және білім сапасын арттыруда маңызды қадам болды.
✍🏻 Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын кең әрі көркем ғимаратта өткізуге мүмкіндік жасағаны үшін «Amanat» партиясының төрағасы Ербол Данагұлов мырзаға шынайы ризашылығын білдіреді!


Комментарии