✨ Ақтөбеде Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті!
- 20 нояб. 2025 г.
- 1 мин. чтения
✨ Ақтөбеде Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Ақтөбедегі «Аманат» партиясы ғимаратының күмбезді залында әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы ұйымдардың басшыларына арналған республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.
👥 Іс-шараға қосымша білім беру саласын дамытуға жауапты мамандар мен ұйым басшылары қатысып, саланың өзекті мәселелері мен болашақ даму мүмкіндіктерін талқылады.
💡 Отырыс барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық әдістерді білім беру үдерісіне енгізу, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ұйымдардың жұмыс тиімділігін күшейту бағыттары қарастырылды.
🎯 Сондай-ақ басқарушылық дағдыларды жетілдіру, педагогтердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық бастамаларды қолдау және қосымша білім беру қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
📌 Отырыстың нәтижелері қосымша білім беру жүйесіндегі сапаны арттыруға және жаңа стратегиялық бағыттарды айқындауға ықпал етті.




Комментарии