«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы
- Rumsdo rumsdo

- 27 авг.
- 1 мин. чтения
2025 жылғы 21–22 тамыз күндері қашықтық форматта «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы өтті.
Фестиваль-байқаудың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық және хореографиялық қабілеттерін дамыту, тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ету, мәдени құндылықтарға баулу.
Жалпы фестиваль-байқауға 160 қатысушы (облыстық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары) қатысты.
Өңірлік кезеңдерінде республика бойынша 54 004 балалар өнер көрсетті.
Байқау 2 номинация бойынша өтті:
1. халық биі және халық-стильдегі билер
2. заманауи би
Қазылар алқасы әр бағыт бойынша 3 жеңімпаз команданы және қосымша 8 ұжымды арнайы номинациялар бойынша анықтады.
Электронды дипломдар мен қатысушылардың сертификаттары www.ziyatker.org сайтында орналастырылды.
Бұл фестиваль балалар шығармашылығының кең панорамасын ұсынып, дарынды ұжымдар мен жас би өнерпаздарын анықтауға мүмкіндік берді.






Комментарии