top of page

«Аяз ата» шеберханасының жұмыстары

2021 жылғы 5-6 қаңтар күндері Нұр-Сұлтан қаласы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының қолданбалы өнер үйірмелерінің тәрбиеленушілері «Аяз ата» шеберханасын өткізді. Бұл шеберханада тәрбиеленушілер жаңа-жылдық әшекейлер мен безендіруге арналған ойыншықтар жасады. «Аяз ата» шеберханасына төмендегі үйірме мүшелері қатысты: «Кисть художника» үйірмесі, жетекшісі Г.С. Баймагамбетова, «Артишок» үйірмесі, жетекшісі С.В. Руденко, «Сиқырлы бояулар» үйірмесі, жетекшісі А.Е. Тажиева «Қиял» бисер тоқу үйірмесі, жетекшісі Т.П. Носик, «Қағаз қиялдары» үйірмесі, жетекшісі М.К. Нурхайдарова. Бұл шеберхананың нәтижесі ретінде осы жаңа-жылдық бұйымдар мен керемет суреттердің жасалу жолы бейнеленген роликтер түсірілді. Осы бейнероликтерге қарап отырып, кез-келген бүлдіршін бұл бұйымдарды өзі жасап шығарды. Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері өз өнерлерімен бөлісті. «Аяз ата» шеберханасының бейнероликтері #ns_bilim_new_year хэштегімен әлеуметтік желілерге жүктелді.


bottom of page