top of page

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

2023 жылдың желтоқсанында жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері білім бөлімімен бірлесіп «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды.  Іс-шараға Жаңақорған ауданының жоғары сынып оқушылары, білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

Құтқарушылар «Жас құтқарушылар» клубының жұмысын ұйымдастыру ережелерін түсіндірді, жасөспірімдерді өрттің алдын алу жолдарымен таныстырды, өрт сөндіру автомобильдері мен өрт сөндіру құралдарын қолдану туралы әңгімеледі, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.



Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page