top of page

АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі басшылары аудан жастары өкілдерімен кездесті.

Кездесуді аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Асқар Кенехан ашып, жүргізіп отырды.

Жиында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев пен Бірлестіктің Түркістан облысы филиал төрағасы Ролан Төреханұлы сөз сөйлеп, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының жұмысымен таныстырды. Қазіргі таңда «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде ашылған.

- Бүгінгі өскелең ұрпақтың отансүйгіштік, еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметінің қалыптасуы филиал жұмысының негізгі мақсаты. Сонымен қатар, «Жас сарбаз» қозғалысы базасында «SMART-SARBAZ» үйірмелері де жұмыс жасап, жасөспірімдерге әскери бағыт-бағдар береді, - деді сөз сөйлеушілер.

Қоғамдық бірлестіктің Түркістан облысы филиалының төрағасы Ролан Қонысбеков аудан орталығынан «Жас сарбаз» жасағы штабын ашуға болатынын атап өтті.

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: mprkrumcdo@gmail.com

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page