top of page

«Аттила – еуропалық және дала халықтарының көшбасшысы» байқауы

2023 жылдың 1 желтоқсанынан 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Астана қаласында «Аттила – еуропалық және дала халықтарының көшбасшысы» ғылыми және шығармашылық жұмыстардың халықаралық байқауы өтті.

Ұйымдастырушылары – «Global САПА» халықаралық білім беру орталығы, профессор Г.В. Томский және Астана қаласының Білім беру орталықтарының қауымдастығы.

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының бейнелеу өнері үйірмесінің оқушылары – Абуталип Аяна, Ақсарина Амина, Бертай Алтынай, Жексенбай Әділбек, Сәбитова Малика, Оразбек Аина, Хайргельдина Сабина педагогтері Ермағанбетова Зайра Мұратқызының жетекшілігімен осы байқауға белсенді қатысып, жүлдегер атанды. Олардың жұмыстары жоғары дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Балалар педагогпен бірге пленарлық отырыс және жұмыстардың тұсаукесері - іс-шарасына шақырылды. Онда олар байқаудың қазылар алқасының алдында үш тілде сөз сөйледі, бір оқушы бейне презентация ұсынды.  Үш оқушы – Жексенбай Әділбек, Сәбитова Малика және Хайргельдина Сабинаның жұмыстары ең жарқын жұмыс ретінде арнайы номинация бойынша іріктеуден өтті! Арнайы сыйлық ретінде олардың суреттері қолдан жасалған бельгиялық шоколад орамына басылады және Францияға профессор Григорий Томскийге сыйлық ретінде жіберілді.

Бейне және фото материал - оқушыларымыздың байқауға дайындығы, қатысушылардың презентациядағы сөйлеген сөздері және дайын жұмыстардың фотосуреттері ұйымдастырушыларға байқау туралы деректі фильм жасау үшін жіберіледі.



bottom of page