top of page

Астанада “Jas Republic Cup II” республикалық дебат турнирінің финалы өтті!

18–19 қазан күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Respublica партиясы, Orta жеке қоры және Ozger Team қоғамдық қорының қолдауымен мектеп оқушылары арасында «Jas Republic Cup II» ұлттық пікірсайыс турнирі өтті.


 Республика күніне орай ұйымдастырылған бұл турнир #101 “Келешек” мектебінің алаңында өткізілді. Бұл жоба жыл сайынғы дәстүрге айналып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенді жас дебатшыларды біріктірді.


 Биыл турнирге 20 өңірден іріктеу кезеңінде үздік шыққан 40 фракция, барлығы 170 мектеп оқушысы қатысты. Олар екі күн бойы өзекті тақырыптар — парламенттік реформалар, цифрландыру үдерістері, және өңірлердің дамуы бойынша пікір алмасты.


 Бұл турнир тек шешендік сайыс қана емес, жастардың сыни ойлауын, азаматтық ұстанымын және көшбасшылық қасиеттерін дамытатын маңызды алаң болды.

 

Финалдың басты тақырыбы — «Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан».

Бұл жастардың елдің саяси және демократиялық үдерістеріне деген қызығушылығының артқанын көрсетті.


 Шараның ресми ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Олжас Құсбеков пен Динара Наумова, сондай-ақ біздің орталықтың директоры Гүлнара Абишева, Respublica партиясы аппаратының өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.


 Осындай пікірсайыс алаңдары — жастардың ой-өрісін кеңейтіп, ел болашағына бейжай қарамайтын, білімді әрі белсенді ұрпақ қалыптастырудың нақты көрінісі.

ree
ree
ree
ree
ree
ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page