«Астана – арман қала» республикалық байқауы
- Rumsdo rumsdo

- 15 сент.
- 1 мин. чтения
2025 жылғы 3 шілде мен 27 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 4 пен 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылар арасында «Астана – арман қала» республикалық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың елордаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ балаларға бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер арқылы өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беру.
Байқау «Бейнелеу өнері (сурет)» және «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациялары бойынша өткізілді.
Қазылар алқасының шешімімен 25 жеңімпаз анықталды.
Қорытынды нәтижелер мен сертификаттарды www.ziyatker.org сайтынан көруге болады.
Байқау балалар шығармашылығын ашуға және туған қалаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге арналған алаңға айналды!




Комментарии