Алға өнер мектебінде қосымша білім беру сапасы талқыланды!
- Rumsdo rumsdo

- 17 нояб.
- 1 мин. чтения
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлнар Әбішева жұмыс сапарының бір бөлігі ретінде Алға өнер мектебіне барды.
Мектептегі музыкалық және көркемдік бағыттағы үйірмелердің жұмысы, кабинеттердің жабдықталуы, оқушылардың жеке шығармашылық жобалары көрсетілді. Г.Әбішева оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысып, қосымша білім беру саласын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында педагогтердің біліктілігін арттыру, шығармашылық жобаларды қолдау және балалардың өнерге қолжетімділігін арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар берілді.




Комментарии