top of page

«Алтын қазына» – өнер мен шабыт мерекесі!

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 05-15 тамыз аралығында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының Республикалық көрме-байқауы (бұдан әрі – Көрме-байқау) қашықтық форматта өткізді.


Көрме-байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу бойынша жүйелі қызметті дамыту.


Қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын түрлі техникада ұсынды:

1) тоқыма бұйымдарын дайындау;

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу;

3) металды көркемдеп өңдеу;

4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;

6) қағаздан бұйымдар жасау;

7) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы


Көрме-байқау жұмыстарын жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларынан құралған сараптамалық қазылар алқасы бағалады.


Нәтижесінде 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Республикалық «Алтын қазына» көрме-байқауы еліміздің барлық өңірлерінен балаларды біріктіріп, оларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына баулиды.


Жас шеберлер халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің түрлі бағыттарында өздерінің авторлық бұйымдары мен қолөнер туындыларын ұсынды.


Бұл шара балаларға шығармашылық әлеуетін ашуға, өз қабілетіне деген сенімділігін арттыруға, сондай-ақ табиғат пен халық дәстүрлерінің сұлулығын бағалай білуге мүмкіндік берді.

ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page