top of page

Алматы облысында өнер мектебі ашылады



Алматы облысы Кербұлақ ауданында жақын күндері балаларға арналған 50 орындық көркемсурет мектебі ашылады.

Жаңа кешен облыс орталығының жаңа ықшамауданында салынып жатыр.

Кербұлақ аудандық құрылыс бөлімі басшысының айтуынша, нысан құрылысы 80 пайызға аяқталды.

Нысан Мемлекеттік жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында салынып жатыр және 1007 шаршы метр аумақта орналасқан. Мектептің құрылысы тура бір жыл бұрын басталған. Ол бір ауысымда 50 оқушыны қамтуға есептелген, демек, күніне 300-ге жуық жас талантты қамтуға мүмкіндік бар, - деді Асхат Бураханов.

Кешенді пайдалануға беру биылғы жылға жоспарланған. Өнер мектебінде көркемөнер, фортепиано, қобыз, домбыра, баян үйірмелері және хореография студиясы жұмыс істейді. Сондай-ақ 100 орынға арналған жаңа технологиялармен жабдықталған акт залы бар.

Облыс орталығы - Сарыөзекте 22 мың тұрғын тұрады және бұл өнер мектебі жергілікті жас жеткіншектердің шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған алғашқы нысанның бірі болатындығын атап өткен жөн.


bottom of page