top of page

«Айбын-2021» республикалық жиынының хроникасы

2021 жылғы 19 қазанда тікелей эфирде «Айбын-2021» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн-форматта «Смарт сарбаз-2021» робот техникасы бойынша байқаудың 2 кезеңі өткізілді.

Осы кезең барысында үш әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері: Владимир Скалозубов (Қостанай қ. «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы), Александр Ли (Қамысты ауданы, «Мерген» әскери-патриоттық клубы), Руслан Мұқанов (Қостанай қ. құрылыс колледжінің «Тайфун») тікелей эфирде «Айбын-2021» жиынының қазылар алқасының мүшелеріне өз роботының барлық техникалық мүмкіндіктерін көрсетті.

Берілген бағыт бойынша роботтың қозғалысы, кедергілерді еңсеру, роботтың берілген желілік бөлік бойынша қозғалу жылдамдығы, роботтың пайдалы жүктеме бойынша мүмкіндігі.

Қазылар алқасының мүшелері Ли Александр («Мерген» ӘАК) жасаған «Жылжымалы санитарлық пост-21» роботын атап өтті, бұл робот COVID-19 таралуын болдырмауға арналған.



bottom of page