top of page

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ДӘСТҮРЛІ ӘН ДӘРІПТЕЛДІ


Абай облысында дәстүрлі әннің дүлдүлі Әсет Найманбаев атындағы «Інжу-маржан» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды.

Жас дәстүрлі әншілер 2 күн бойы Әсеттің әндерін әуелетті. Аймақта алғаш рет өткен сайыста сазгердің 30-ға тарта туындысы шырқалды. 20-ға жуық әнші дара тұлғаның кең тынысты әуендерін нақышына келтіріп орындады. Байқаудың бас жүлдесін алматылық Сатыбалды Мағжан иеленді.

Нұржан Жанпейісов, қазылар алқасының төрағасы:

- Әсеттің әндері бұл қазақ ән өнерінің ішіндегі ерекше әндер. Бұл әндерді айтушылар да аздың санатында. Өйткені бұл Әсеттің әні өзі айтпақшы: «Бозбала осы әнімді үйренерсің. Ырғаққа келтіре алмай, күйзелерсің». Расында да, Әсеттің әнін айту үшін де әр әншіге асқақ дауыс керек. Асқан шеберлік керек.


Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page