top of page

А.Кожанова «Түркістан облысының жаңа нысандарына саяхат» тақырыбындағы экскурсиялық сабағын өткізді

2022 жылдың 15 ақпан күні «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің туристік-экскурсия бөлімінің әдістемелік апталығының жоспарына сәйкес қосымша білім беру педагогы А.Кожанова «Түркістан облысының жаңа нысандарына саяхат» тақырыбындағы экскурсиялық сабағын «Облыстық жастар ресурстық орталығында» өткізді. Сабақ мақсаты: Түркістан қаласындағы көпфункционалды заманауи жаңа үлгідегі орталықпен таныстырып, жастарға көрсетілетін қызмет түрлері мен қолайлы мүмкіндіктер түрімен таныстыру. Қорытынды: «Жас экскурсовод» оқу бағдарламасын жүзеге асыруда белсенді оқыту әдістерін пайдалана отырып, нәтижесінде еркін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған патриот оқушыны қалыптастыру. Педагог А.Кожанова экскурсиялық сабағын слаид түрінде мекеменің педагог қызметкерлеріне презентациялап, тәжірибесімен бөлісті.



bottom of page