top of page

WorldSkills Pavlodar – 2022



«Павлодар сервис және тамақтану колледжі» базасында «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Pavlodar – 2022» өңірлік чемпионаты өтті.

Байқауға «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжінің студенті Нұрғожина Аяжан (Май ауданы); Ертіс аграрлық-техникалық колледжінің студенті Қабылманап Айдана, Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті Тюмина Альбина қатысты.

Бүгін қатысушылар торт дайындау технологиясында, «Гато және антрема» - шоколад, мастика фигураларын жасауда өз шеберліктерін ортаға салды. Сарапшылардың назарына жұмыс орнын дайындаудан бастап рецепт бойынша дәлдікке дейін және өнімді дайындауға уақытты дұрыс есептеуге дейінгі барлық қағидалары ұсынылды.

Байқаудың соңғы кезеңінде қатысушылар дайындаған өнімдерін ұсынды. Байқау барысында сарапшылар дәміне, түс үйлесімі мен хош иісіне, тепе-теңдігі, тіпті, торт жасаудағы тиянақтылықты басты назарға алды.

Сарапшылар: Қымбат Әнуарбекова, Татьяна Гаупт, Ирина Пицина бағалау кезеңі оңай болмады. Себебі, бар қатысушылар өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсе білді.

«Ертіс» мейрамханасының технологы, тәуелсіз сарапшы Үміт Жантемірова барлық жұмыстар лайықты бағаланғанын айтты.

Comments


bottom of page