Техникалық бағыттағы үйірмелер апталығы аясында 1 ақпан күні “Кемемоделдеу” үйірмесінің жетекшісі А.Кыдыркулов “F-3-Е кеме моделіне қондырғылар орнату” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты- білім алушылардың алған білімін, дағдыларын дамыта отырып, өздері жасаған кеме модельдеріне қондырғылар орнатуды үйрету. Сабақ барысында педагог “F-3-E” класты кеме модельдерінің түрімен таныстырып, олардың жарыс жолын өту схемасын көрсетті. Сонымен қатар термин сөздердің мағынасымен таныстырды, сурет бойынша кеме қондырғыларының бөлшектерін ажырата білуді үйретті. Білім алушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасады. Оларға түрлі сұрақтар қойылып, тиісінше жұлдызшалармен бағаланып, сабақ соңында екі топ та тең түсті. Аталған ашық сабақта педагогтың шеберлігі мен үйірме білім алушыларының талантын байқадық. Осы қарқынмен олар әлі талай жарыстан топ жарып шығатынына сенеміз!
top of page
bottom of page
Comments