top of page

«Black&White» медиакомпаниясының продюсерімен кездесу

2021 жылғы 21 қаңтар күні «Қаламгер» баспасөз орталығының түлегі Адина Хамармен онлайн – интервью өтті. Қазіргі таңда Адина Нұр - Сұлтан қаласында «Black&White» медиакомпаниясының продюсері.

«Black & White» медиа компаниясы – Қазақстандағы бейнеөндіріс көшбасшыларының бірі. Компания өз жұмысын 2013 жылы бастап, осы уақыт аралығында 200-ден астам бейнежобаларды жүзеге асырды. Бұл деректі және корпоративті фильмдер мен имидждік бейнероликтер.

Адина ауқымды жобалар, оның ішінде қойылым-ойын, деректі, инфографикалық, анимациялық бейнеөнімдер жасау жұмыстары бойынша басшылық етеді.

- Балалар армандаңдар, батыл болыңдар, кітап көп оқыңдар, алға қойған мақсаттарына жетіп, тек алға ұмтылыңдар! Өз кәсіптеріңді сүйіңдер, өз істерінің майталман маманы болыңдар, - деп кеңес берді «Black& White» медиакомпаниясының продюсері Адина Хамар.

Онлайн кездесуге жас тілшілер және олардың ата-аналары, сонымен қатар Павлодар қаласы №35 ЖОББМ-нің ұстазы, Адинаның оқытушысы Қалқа Жунуспаева қатысты.


bottom of page