6 шілде – Домбыра күні
- 17 июл. 2025 г.
- 1 мин. чтения

Қазақстанда жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні аталып өтеді. Биыл бұл мереке 6 шілдеде тойланды.
Бұл мереке 2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітіліп, ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын оятуға және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы күнге орай республикалық іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын.
Биыл ел көлемінде 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды, оның 200-ден астамы өңірлерде өтті.
6 шілде күні Алматы қаласындағы MEGA Alma-Ata ашық алаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің мерекелік концерті өтті. Сонымен қатар Көктөбе саябағының алаңында «Dombyra party» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды.
Астанадағы амфитеатр алаңында Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт ұйымдастырылды.
Жамбыл облысында, «Көне Тараз» археологиялық саябағы аумағында «Ұлттық домбыра күні – баба үніне құрмет» атты музыкалық кеш өтті.
Түркістанда, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығының алаңында «Домбыра – дастан» атты мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, елімізде Домбыра күніне орай челлендж өтті, оған 100-ге жуық мәдениет саласының көрнекті өкілі қатысты.




Комментарии