top of page

36 жас суретшінің қатысуымен Республикалық «Бояулар құпиясы» атты байқау өтеді


2021 жылдың 20-22 қыркүйегінде Қазақстанның барлық аймақтарынан 136 жас суретшілер Республикалық «Бояулар құпиясы» байқауына қатысады. Олардың барлығы Республикалық байқаудың облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары.

Республиканың мектеп үйірмелері мен мектептен тыс ұйымдарында көркемдік-эстетикалық бағытта 100 мыңнан астам жас суретшілер шығармашылықпен айналысуда.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамыту үшін жүйелі және мақсатты іс –әрекеттер, рухани, адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу.

Байқау оқушылардың танымдық, шығармашылық белсенділігіне, өскелең ұрпақтың мәдениетіне, көркемдік және сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылық тудыртады. Сонымен қатар, дәстүрлі және балалар шығармашылығының қазіргі тенденцияларына ерекшелік қалыптастыруға бағытталған.

Байқауға «Классикалық кескіндеме», «Авангардтық және эксперименттік кескіндеме», «Менің Отаным Қазақстан» номинациялары бойынша «Тәуелсіз Қазақстан – балалар көзімен» ұраны аясында туындыларын ұсынады. Сондай-ақ, қатысушылар «Коллаж», «Бояулар кұпиясы», «Сүйікті кітап иллюстрациясы» номинацияларына қатысып, өздерінің таланттарын көрсете алады.

Бұл іс –шараға қатысу жас суретшілерге қиял әлемі мен ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар олардың өнер саласындағы қабілеттері мен жетістіктерін, әлемге көзқарасымен туған жерге деген сүйіспеншілігін ашуға мүмкіндік береді.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар, барлық қатысушыларға – сертификаттар табысталады.

Comments


bottom of page