top of page

352 ДЕБАТТЫҚ КЛУБ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКА ДЕҢГЕЙІНДЕ ДЕБАТТАҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕКТЕП ФОРМАТЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ВЕБИНАРЫ ӨТТІ

❗Ағымдағы жылдың 26 ақпан мен 1 наурыз күндері аралығында Түркістан, Маңғыстау және Қостанай облыстарының 352 дебаттық клуб жетекшілеріне арналған оқыту вебинары өтті. Вебинар «Пікірсайыс ойындарындағы «Дүниежүзілік мектеп форматы» туралы» тақырыбында өтті. Вебинарға аудандық дебаттық қозғалыс үйлестірушілері және дебаттық клуб жетекшілері қатысты.

✔️Вебинар спикерлері – «Қазақстан Республикасындағы дебат қозғалысы» жобалық кеңсесінің сарапшылары Нүркен Дәулет және Теңсізбек Шыңғыс. Оқыту вебинары барысында тыңдаушыларға дүниежүзілік мектеп форматының ережелері, дебаттағы терминдер, дәлелдеу және төрешілік бойынша ақпарат беріліп, консультациялық көмек көрсетілді. Вебинардан кейін тыңдаушы педагогтер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда.


bottom of page