top of page

2025 жылғы 21 тамыз «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қорытындысы шығарылды.

Бүгінгі таңда оқушылардың кәсіби бағдарлануына көп көңіл бөлінеді. Жұмыстың бұл бағыты қосымша білім беруде басым бағыттардың бірі болып табылады.


Форумға облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 180 жеңімпазы – жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.


Қазылар алқасына Форумға қатысушылар 3 номинация бойынша өз жобаларын ұсынды. «Мен мамандықты таңдаймын» номинациясында балалар мамандықтың тарихы, оның мазмұны, мамандыққа деген қызығушылықтың себептері, осы мамандықтың адамдарға қажет салалары туралы айтып берді.


«Менің кәсібім - менің бизнесім» номинациясы - бизнес-жоспар жобасын қорғау да қызықты әрі танымды болды.


 «Жас мобилограф» номинациясында Форумға қатысушылар смартфондардың көмегімен түрлі мамандықтарды жарнамалайтын және жарқын эмоциялар мен қызықты сәттерді көрсететін креативті бейнероликтер жасады.


Жұмыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтады. Форум жеңімпаздары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушылар сертификаттар алады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Қорытынды ziyatker.org  сайттында орналастырылды.



Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page