top of page

Қызылорда облысының онлайн каникул жобасы

Қызылорда облысында балалардың жазғы каникулда бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында инстаграмм желісінде online_vacaton_qzo парақшасымен «Онлайн Жаз» жобасы 1 маусымнан бастап Instagram әлеуметтік желіде жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні аталған парақшаға 21 мыңға жуық бала тіркелген.

Парақша арқылы оқушыларға «Vlog Кадр», «Media iMAQ», «Архитектуралық дизайн», Шебер қолдар», «Хореография, «Флейта», «Өлкетану» үйірмелерінің қызықты роликтері, әзілдер, танымдық сабақтар ұсынылуда.

Сонымен қатар, қашықтан әр түрлі тақырыптағы шығармалар, бейнероликтер байқаулары, конкурстар ұйымдастырылуда.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында арнайы жүлделер де («Ұялы телефон», «Смарт сағаттар») қарастырылған.

Айта кету қажет, парақшаға облыс мектептерінің оқушылары тіркелген.


Парақшаның тиімділігі :

ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС

Баланың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУ

Баланың жаңа қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау

ЖАҢА ОРТА

Балаға жаңа тәжірибе мен жаңа достар табу үшін

СЕНІМДІ БІЛІМ

Білікті педагогтардың шеберлік сыныптары арқылы баланың білімдерін шыңдау және білімін онлайн түрлі бағыттағы байқауларға қатысу арқылы дамыту.

Парақшада қосымша әлеуметтік роликтер жарияланып балаларға жазғы уақытта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша роликтер де ұсынылып отыр.

Туған жеріміздің тарихын кеңінен насихаттау мақсатында және де өскелең ұрпақтың бойына мақтаныш сезімін қалыптастыру, отаншылдық сезімін ояту мақсатында «Туған өлке» атты танымдық деректі фильмдер ұсынылды.

Жазғы уақытта балалардың жан-жақты танымдарын мен қабілеттерін дамыту, ұштастыру мақсатында түрлі бағыттағы байқаулар ұйымдастырылды.


bottom of page